АҚШ-та сыныптастарын 19 рет пышақтаған екі қыз ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та сыныптастарын 19 рет пышақтаған екі қыз ұсталды

04.06.2014
АҚШ-та сыныптастарын 19 рет пышақтаған екі қыз ұсталды
АҚШ-тың Висконсин штатында жантүршігерлік оқиға болды. Полиция сыныптас құрбысын өлтірмек болып, 19 рет пышақтаған 12 жастағы екі қызды тұтқындады.
 
Тергеуге сай, олар айуандық әрекетке қорқынышты фильмдердің әсерінен барған.
 
Морган Гейсер мен Анисса Уиер бір сыныпта оқитын қызды орманға шақырып, кейін оны пышақтап, қансыраған күйінде тастап кетеді.
 
Абырой болғанда, қыз аман қалып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты, дейді. Ал, адам өлтірмек болған қыздар қылмысын мойындаған. Оларды 65 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
 
                                                          
                                                         

Хабарламаларға жазылу