Еңбек дауларын шешудің тиімді әдістері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек дауларын шешудің тиімді әдістері талқыланды

22.05.2019

Жалақының төленбеуі – ең өзекті мәселе. Батыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген сенаторлар осылай дейді. Бүгінде ел бойынша жеке кәсіпорындардың жұмысшыларға берешегі 1,5 млрд теңгеден асқан. Бұл азаматтардың наразылығын тудырып, еңбек дауларын күшейтеді. Сондықтан еңбек заңнамасын жетілдіру қажет. Сенат депутаттарынан құралған әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті өңірдегі еңбек ұжымдарымен кездесіп, осы тақырыпта көшпелі отырыс өткізді.

Кейбір кәсіпорын жұмысшылары ұжымдық келісімшарттың жасаларын да білмейтін болып шықты. Ал, кейбір қызметкерлер денсаулығына орай қаражат төлеуде, шипажайға жолдама беруде кемшілік барын айтты. Әскерге кеткен адамның жұмыс орнын сақтау, жұмыстан кету парағын толтыруға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жайлы ұсыныстар айтылды.

Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осы заңнамаларда қандай да бір кемшіліктер болса, соған халықтың жағдайын жақсартуға қатысты, еңбек адамының жағдайын жақсартуға қатысты еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу - іссапарымыздың мақсаты сол.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу