Ақтауда теңіздің экологиялық мәселесі түсіндірілді
Ақтауда нөмірі 31-мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Каспий – ортақ мұра» тақырыбында экологиялық дәріс өтті. Кездесуде мамандар оқушыларға теңіздің қазіргі жағдайы мен экологиялық мәселелерін түсіндіріп, оны сақтаудың маңызын айтты. Каспий теңізінің тартылуы, су деңгейінің төмендеуі және биоалуантүрліліктің азаюы - бүгінде өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Дәрісте оқушыларға теңіздегі өзгерістердің себептері мен қоршаған ортаға әсері туралы ғылыми мәліметтер берілді.
Айзере Амангелдіқызы 10-сынып оқушысы:
Қасым Жомарт Тоқаевтың бастауымен осы "Таза Қазақстан" акциясында біздің мектебіміз өз үлесін қосуда. Бүгін дәріс өткізілуде, алдында біз пластиктер, қағаз жинау деген сияқты акцияларға, белсенді шараларға қатыстық. СКЛ: Мен өзім биология, химия бағытын таңдаған оқушы ретінде экологиялық жобалармен жұмыстанғанды өзім жақсы көремін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы