Мәжілісте Үкімет есебі тыңдалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте Үкімет есебі тыңдалды

16.05.2019

Бүгін Мәжілісте Үкімет пен Есеп комитеті депутаттарға 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті таныстырды. Жедел деректер бойынша былтыр жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өскен. Ал, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға арналған шығындар толық көлемде орындалған.

Жалпы, Үкімет бюджеттің негізгі параметрлерін орындаған. Әсіресе, бөлінген қаржыны игеру көрсеткіші едәуір түзелген. Депутаттар енді кем кеткен тұстарды реттеу керек деп отыр.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біраз олқылықтар бар. Тиімсіздіктер бар. Әлеуметтік бағыттар болсын, мемлекеттік бағдарламалар болсын. Солардың игерілу жолындағы бюджеттің өзіндік алатын мультипликативтік тиімділік мәселесі толыққанды орындалмаған.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу