Үкімет басшысы Асқар Мамин Грузияның Премьер-министрі Мамука Бахтадземен кездесті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
2018 жылы Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда айналымы 35 процентке артып, 100 млн долларға жуықтады. Үкімет басшылары осы бағыттағы жұмыс қарқынын арттырып, жуық арада бұл көрсеткішті 3 есеге дейін арттыруға уағдаласты. Сондай-ақ, көлік транзиті саласында межелі міндеттер аз емес.
Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудың арқасында соңғы 3 жылда жүк тасымалы 13 есеге артқан. Биыл олардың санын 120 мың контейнерге жеткізу міндеті тұр. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті дамыту жайы да талқыланды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ