Қазақстан мен Кипр елдерінің Сыртқы істер министрліктері мен үкіметтері арасындағы қос бірдей құжатқа қол қойылды. Бұл маңызды келісімдер - екі ел арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді жақсартуға септігін тигізеді. Елордаға оңтүстік еуропалық мемлекеттің сыртқы істер министрі сапарлап келді. Бейбіт Атамқұлов Никос Христодулидиспен кездесіп, келіссөздер өткізді.
Министрлер, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Қос ел үшін - энергетика, құрылыс, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және туризм саласында бірлесе жұмыс істеудің үлкен перспективалары бар. Бүгінде қазақ елінде Кипр капиталының қатысуымен 207 компания жұмыс істеп жатыр.
Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Қазақстан Кипрді дәстүрлі түрде Оңтүстік Еуропа аймағындағы маңызды серіктестердің бірі деп санайды және біз өзара саяси іс-қимылымызды одан әрі тереңдетуге деген ұстанымымызды растаймыз.
Бұл келісім екі ел арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді жақсартады. Мен бүгін өзімнің әріптесіме түрлі саладағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жақсарту үшін жол картасын әзірлеуді ұсындым. Екі ел арасында инвестиция, сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы қатынасын одан әрі дамыта береміз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ