Қазақстан Ресейге 200 тонна мұнай жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Ресейге 200 тонна мұнай жібереді

03.09.2014
Қазақстан Ресейге 200 тонна мұнай жібереді

Қазақстан Ресейге екі айдың ішінде 200 тоннадан астам мұнай жібереді. Бұл туралы Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. «Біз осы айда 60 тонна, келесі айда 182 тонна мұнайды Ресей Федерациясына жібереміз. Оның үстіне қазір жылдың аяғына дейін көрші елге өтетін мұнайдың көлемін анықтап жатырмыз», - деді.

Себеп, 2012-2013 жылдары Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін алған. Екі ел арасындағы келісім-шарт бойынша, соның өтемақысы ретінде Ресейге тонналап мұнай өнімдерін тасимыз.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу