Дариға Назарбаева Хорватияға қазақстандықтардың визасыз бару мәселесін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева Хорватияға қазақстандықтардың визасыз бару мәселесін көтерді

30.04.2019

Сол елдің Премьер-министрінің орынбасары, сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесуі барысында алыс-беріс, барыс-келіс мәселелері де сөз болды. Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегін талқылады.

Сенат басшысы хорват депутаттарын Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Жоғарғы палата басшысы ынтымақтастықтың ауыл шаруашылығы, туризм, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау салаларында әріптестікті күшейту керектігін алға тартты. «Хорватияның озық технологиялар мен сервистік секторлармен қоса ауыл шаруашылығы тәжірибесі бізді ерекше қызықтырады», - деді. Сондай-ақ, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған протездер жасау жөніндегі бірлескен кәсіпорындар санын ұлғайту қажеттігі айтылды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу