Елордада әлемнің беделді саяси сарапшылары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әлемнің беделді саяси сарапшылары бас қосты

25.04.2019

Қазақстан астанасында олар «XXI ғасырдағы көпполярлы әлем» конференциясына қатысып, жер-жиһандағы күрделі геосаяси мәселелердің шешімін іздемек.

Сарапшылардың пікірінше XXI ғасырдың екінші он жылдығы қарсаңында әлем аса күрделі кезеңге қадам басып отыр. Батыс пен Шығыс арасында сауда соғысы, саяси текетірес жаңаша кейіпке еніп, күрделеніп барады. Бұл тек державаларға ғана емес, бүкіл әлем елдеріне кері әсерін тигізуде. Арадағы кедергілерді жойып, тоқсан тарау саладағы қордаланған мәселерді шешу үшін байланысты бекемдеу қажет. «Ал, бұл тұрғыда Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстанның рөлі үлкен», - дейді саясаттанушылар.

Виктор Ясман, саясаттанушы (АҚШ):

- Әлем картасына қарасақ, Қазақстан Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан. Бұл тек жолдар емес, идеялар мен тиімді ұсыныстардың түйісетін орны. Сондықтан да Қазақстанның әлемдік геосаяси аренадағы орны ерекше. Оның үстіне сіздердің елдеріңіз өзін бітімгер ретіндегі рөлі мен ұстанымын осы уақытқа дейін бірнеше мәрте дәлелдеп үлгерді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу