Алайда, көптеген елді мекендерде халық таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Осылай деген Сенат спикері Дариға Назарбаева ауызсу бағдарламаларын сынады.
Депутаттардың халықпен кездесуі барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласына жиі сын айтылады. Жалпы ауылдық округтердің 95 пайызы дотациялық және жоғарыда тұрған бюджеттерден алынатын трансферттермен қаржыландырылады.
«Халық ертең емес, тап бүгін оң өзгерістер күтіп отыр»,-деді жоғары палата басшысы. Осы ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу оң өзгеріс алып келуі тиіс. 2020 жылы 1 қаңтардан 1360 округте бюджеттің төртінші деңгейі енгізіледі. Сенаторлар мәслихат депутаттарына үміткерлерді іріктеу критерийлерін әзірлеу керек екенін айтады.
Төлеубек Мұқашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
- Міндетті түрде мәслихат депутаттарын Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытылуды ұсынамыз. Мәслихат депутаттары үшін тиісті жағдай жасау керек. Мәслихат депутаттарына ақы төлеу мәселесі осы күнге дейін шешілмей келеді.
Индина БЕГАЙДАР