Халықты «Әлеуметтік қамқорлық» шараларымен ақпараттандыру тобы Қарағанды облысындағы жұмыс сапарын қорытындылады. Олар осы өңірдегі жүзеге асып жатқан әлеуметтік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, Үкімет өкілдері ең әуелі Жезқазған қаласындағы бірнеше мекемені аралап шықты. Азаматтардың әлеуметтік бағдараламаларға қатысу мүмкіндігін сұрастырды.
Елбасы тапсырмасына сәйкес бұл шаһарда халықтың табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға жергілікті билікпен бірге кәсіпорындар да атсалысуда. Бизнес қауымдастық биыл көпбалалы және аз қамтылған ондаған отбасыны баспанамен қамтымақ.
Сонымен қатар, облыстағы еңбек заңнамаларының сақталу мәселесі республикалық үшжақты коммиссия отырысында қаралды. Бұл жиында негізінен жұмысшылардың құқығын сақтау және еңбекақысын өсіру мен уақытылы беру мәселесі пысықталды. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Абай қаласында жалпы халықпен кездесу өткізді. Азаматтарға Елбасы жариялаған «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндірді.
Ербол МӘНДІБЕК