Қаражат тиімді бөлінуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаражат тиімді бөлінуі тиіс

27.02.2019

Әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешуге қаражаттың жөн-жосықсыз жұмсалуы кедергі. Кейде миллиардтаған теңге пайдасы жоқ жобаларға бөлінсе, кейде кейінге қалдыруға болатын жобалар қаржыландырылады. Осылайша нақты проблема назардан тыс қалып жатады. Елбасы съезде осы жөнінде сөз етті. Нұрсұлтан Назарбаев кедендік басқаруды жетілдіру мен бюджеттік шығындарды қысқартуды тапсырды. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде қымбатқа түсетін шараларды өткізбеуге пәрмен берді. Соның нәтижесінде 3 жылда 1 трлн теңге үнемделмек. Бұған қосымша ұлттық қордан 1 трлн 350 млрд теңге бөлінеді. Сөйтіп халықтың қажетін өтеуге мүмкіндік жасалуы керек. Партия қадағалауға қырағылық танытады.

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы:

- Жақын жерде екі үлкен мектеп салады. Ал, кей жерлерде үш кезекте оқып жатыр. Неліктен? Қаражат бар, дұрыс пайдаланбау бұл.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу