«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысы өтті

26.02.2019

Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселенің бірі - партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын талқылау. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бағдарлама негізінен әлеуметтік сипатқа ие.

Кеңес мүшелері бағдарлама жобасын мақұлдап, оны ертең өтетін XVIII съездің қарауына енгізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, съезде партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Саяси кеңес пен орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік кезеңдегі жұмыстары қорытындыланбақ.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Соңғы рет партия жарғысына өзгертулер 2013 жылдың қазанында өткен партияның XV съезінде енгізілген болатын. Содан бергі 5 жылдың ішінде заңнамалық өзгерістер мен жаңа тәжірибелерге сәйкес партия жарғысына кейбір өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Толықтырулар мен өзгерістерді орталық аппарат дайындады және ол партия филиалдарында жан-жақты талқыланды.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу