Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті

01.02.2019

Оған одаққа мүше мемлекеттердің Премьер-Министрлері қатысты. Жиында экономикалық өзара іс-қимылдың түйткілдеріне қатысты 15 мәселе қаралды. Қатысушылар одақтағы жұмыс бағыттарын айқындап, сауда-экономикалық әріптестік пен мемлекеттер арасындағы өзара сауда-саттықты кеңейту жолдарын талқылады.

Кездесуде бірнеше жыл бойы жүзеге асырылған кеме қатынасы арқылы «Жүк тасымалдау туралы келісімге» қол қойылды. Бұл келісім Еуразиялық Экономикалық Одақтың шарттарына сәйкес әзірленген және бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Осылайша су жолы арқылы көлік қызметтерінің ортақ нарығын құру көзделіп отыр.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу