Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті

03.02.2019

Оған одаққа мүше мемлекеттердің Премьер-Министрлері қатысты. Жиында экономикалық өзара іс-қимылдың түйткілдеріне қатысты ұзын саны 15 мәселе қаралды. Қатысушылар одақтағы жұмыс бағыттарын айқындап, экономикалық әріптестік пен мемлекеттер арасындағы өзара сауда-саттықты кеңейту жолдарын талқылады.

Сондай-ақ одаққа мүше мемлекеттердің технопарктері ынтымақ туралы меморандумға қол қойды. Құжатты «Astana Hub» халықаралық технопаркі, Ресейдің «Сколково» қоры, Қырғызстанның «Жоғары технологиялар паркі», Арменияның «Кәсіпорындар инкубаторы» қорының өкілдері мақұлдады. Тараптардың мақсат-мұраты – мемлекеттер арасындағы технологиялық алшақтықты жақындату.

Жалпы, кез келген елдердің іскерлік байланысы артқан сайын экономикалық өсім жоғарылайды емес пе. Ал, сандық технологияны бірлесіп игерудің тиімділігі неде? Дамыған елдер ден қойған цифрлық технологияны жеке-дара игеруге де болмай ма?

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу