Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы лауазымына Станислав Засьті кандидат ретінде қолдайтынын, оның бұл лауазымда қызмет етуі үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мемлекет басшылары Санкт-Петербургте Александр Григорьевич Лукашенконың ұсынысы бойынша Сіздің кандидатураңызды қолдау жөнінде шешім қабылдады. Сіз осы ұйымға мүше елдердің басшыларымен кездесуді бастап кеттіңіз. Бұған дейін Бішкекте болдыңыз. Қазір Қырғыз Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етуде. Сіздердің кездесулеріңіздің жақсы өткеніне сенімдімін.

Сіз – әскери адамсыз және тиісті біліміңіз бар. Беларусь Республикасының Бас штабында, Қауіпсіздік кеңесінде қызмет атқардыңыз. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жұмысымен таныссыз, түрлі кездесулер мен жиындарға қатыстыңыз. Біз Сізді қолдайтын боламыз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу