Мәжілісте Орал Мұхамеджановты еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте Орал Мұхамеджановты еске алды

05.11.2018

Бүгін Мәжілісте III-V шақырылым Мәжіліс депутаты, III және IV шақырылымдағы төменгі палата  төрағасы Орал Мұхамеджановты еске алуға арналған конференция өтті. Белгілі Мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны ашқан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Орал Байғонысұлының елдің дамуына қосқан ерен еңбегін атап өтті.  «Елбасымыздың барлық бастамаларына белсене араласып, қай жерде, қандай қызмет атқарса да, іскерлігімен, жауапкершілігімен, адамгершілік және парасаттылық қасиеттерімен танылды», - деді спикер. Орал Мұхамеджановпен бірге жұмыс істеген әріптестері мен достарының естеліктері, өмірінің жарқын сәттерін бейнелейтін көптеген фотосуреттер оның жоғары адамгершілік және кәсіби қасиеттерін еске салды.

Оралбай Әбдікәрімов, Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Еліміздің тарихында, Парламенттің тарихында Орал Байқонысұлының орны бөлек. Ол кісі заңнаманы жақсартуға, өзгертуге өз үлесін қосты. Қай жұмыста жүрсе де, адал қызмет етті.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу