Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіге ресми сапармен барды

01.11.2018

Қазақстан-Беларусь парламентаралық ынтымақтастығы жаңа деңгейге шығады. Бұл туралы Минскіге ресми сапармен барған Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Спикер бірнеше кездесу өткізіп, екі елдің арасындағы әріптестікті дамыту жайын талқылады.

Сенат Төрағасы Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Астана мен Минсктің әлемдік саясатта болып жатқан оқиғаларға көзқарасы ортақ. Біз Бірікккен Ұлттар ұйымы сияқты көптеген ірі халықаралық ұйымдардың шеңберінде ынтымақтастығымызды жалғастырып келеміз.

Спикер Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты. Бұл алаңда халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері талқыланды. Конференция аясында қазақстандық делегация Армения президенті Армен Саркисянмен де әріптестікті дамыту жолдарын сөз етті.

Екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізу керек. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусьтің Ұлттық жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті, алыс-беріс, барыс-келіс мәселелерін сөз етті. Екі елдің экономикалық, сауда және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын белсенді жүргізу, студенттер алмастыру бағдарламасын енгізу өзекті. Беларусь арқылы өтетін және Қытайды Еуропа Одағы елдерімен байланыстыратын трансқұрылықтық бағдардың жаңа солтүстік тармағын дамытуға Минск мүдделі. Ал, Сенат спикері 2020 жылға дейін Қазақстан жылына транзиттен түсетін кірісті 5 миллиард долларға дейін жеткізу туралы мақсат қойып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен де кездесті. Екі елдің парламентаралық байланысының маңызды тұстарына тоқталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдау үшін Палата депутаттарының заңнамалық тұрғыда белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.

Сенат Төрағасы беларусьтық әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Сонымен қатар, ол Жеңіс ескерткішіндегі мәңгілік алауға гүл қойды және Беларусь мемлекеттік Ұлы Отан соғысының тарихы мұражайында болды. 

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу