Сенат төрағасы Қ.Тоқаев қытайлық делегациямен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Қ.Тоқаев қытайлық делегациямен кездесті

04.09.2018

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Сюй Цилянды қабылдады. Спикердің айтуынша, екі елдің арасындағы стратегиялық әріптестікті нәтижелі дамыту Еуразия құрлығының ауқымды бөлігіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен нығайтудағы маңызды мәселе. «Сондай-ақ, ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі», - деді. Ал, Сюй Цилян өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі арта түскенін атап өтті. 

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу