Президенттің Қытайға сапарының нәтижесі. Қандай құжаттарға қол қойылды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Қытайға сапарының нәтижесі. Қандай құжаттарға қол қойылды?

11.06.2018

Қазақстан мен Қытай арасында  2012 жылдан бері жоғары деңгейде 18 кездесу өтті.  Осы уақыт аралығында құны 67 млрд. доллар көлеміндегі 127 құжатқа қол қойылды. Бұл жолғы сапар да жағымды жаңалықтарға толы.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер арасында өзара ынтымақтастықты арттыруға арналған 17 құжатқа қол қойылды. Ал, Қазақ-Қытай қарым-қатынасын дамыту үшін 9 құжат қабылданды. Бұған дейін индустриалды-инновациялық бағдарлама арқылы екі ел бірлескен 51 жоба іске асырды, соның аясында 1200 кәсіпорын ашылды. Ел Президентінің айтуынша, бұл жобалар әлі де жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ, Қазақ-Қытай іскерлік кеңесінің мүшелері  құны 13 млрд. болатын 40 құжатқа қол қойды. Экономикалық ынтымақтастықты ілгерлетуді көздеген екі елдің кәсіпкерлері химия, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, энергетика, агроөнеркәсіп саласы, көлік-транзит әлеуетін одан әрі  дамытуды көздеп отыр. Бірлескен жобалар нәтижесінде жоғары технологиялы отандық өнім өндіретін кәсіпорындар құрылмақ.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу