Биыл Алакөлдің оңтүстік жағалауында 240 мың адам тынықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Алакөлдің оңтүстік жағалауында 240 мың адам тынықты

23.08.2014
Биыл Алакөлдің оңтүстік жағалауында 240 мың адам тынықты

Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарында өңірде туризмді дамыту мәселесін көтерді. Айдынды Алакөлге туристердің көп келуіне мүмкіндік жасап, сапалы қызмет көрсету қажеттілігін қадап айтты. Биылдың өзінде Алакөлдің оңтүстік жағалауында 240 мың адам тынықты.  

Кәсіпкер Жанат Мукина көл жағасындағы қонақүйді шілде айында ашты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, төмендетілген үстемақымен несие алды.

Қызмет сапасын халықаралық талаптарға сай етіп, қазір тынығушылардың көңілін табуға тырысып бағуда. Мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланғанның арқасында осындай жағдайға қол жеткіздік, дейді туризмге тәуекел еткен кәсіпкер.

Қуаныш  ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу