Басты Жаңалықтар Астанада Қазақстан мен Қырғызстан арасында онлайн режимінде жиын өтті

Астанада Қазақстан мен Қырғызстан арасында онлайн режимінде жиын өтті

Оған екі елдің билік өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. Тікелей байланыс барысында бауырлас мемлекеттердің алдағы қарым-қатынасы талқыланды. Тараптар бұған дейінгі болған кедергілер мен мәселелер оң шешімін тауып, ынтымақ беки түсетуіне ниетті. Алдағы уақытта қырғыз-қазақ байланысы сан сала бойынша реттеліп, одан әрі дами түсуі тиіс. Онлайн отырыста ортаға салынған орамды ой осындай.

Владимир Тельнов, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы:

- Еуразия - жаңа экономикалық дамудың орталығына, жаңа экономикалық күшке айналып келе жатыр. Егер біз осы тұста бір-бірімізге кедергі жасасақ, онда тұтас Азияның, яғни, ортақ экономиканың дамуына да кері ықпал етеміз. Сол себепті, көршілес мемлекеттер ынтымақты арттыруы тиіс.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Бөлісу