Бақытжан Сағынтаев Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаевтың пікіріне қатысты арнайы мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаевтың пікіріне қатысты арнайы мәлімдеме жасады

09.10.2017

Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев өз еліндегі президенттік сайлау қарсаңында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген аспектілеріне қатысты дүдәмал деректер келтіріп, ойын жария етті. Осыған орай біздің елдің Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін арнайы мәлімдеме жасады. Көрші мемлекет басшысының пікірін ол «орынсыз» деп бағалап, «Қырғызстан Президентінің сайлауалды мақсатта жасалған жауапсыз, арандатушылық мәнді және көпе-көрінеу жалған пайымы екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек пен достықтың дәнекеріне нұқсан келтірмеуі тиіс» деді. Қазақстан күрделі кезеңдерде қырғыз халқына көмек қолын созып келді. Гуманитарлық көмек көлемі  20 млн. АҚШ долларына жетті. Құйылған инвестиция көлемі 820 млн. доллар. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қырғыз президенті Атамбаевтың өз пайдасы мақсатындағы пиғылдарына қарамастан, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігі мен ынтымақтастығын одан әрі тереңдетіп, кеңейте түсуге ниетті екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу