Жолдауды әлемдік БАҚ өкілдері талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауды әлемдік БАҚ өкілдері талқылады

18.03.2022

Ал «Arabs Today» ақпараттық сайтының бас редакторы Заки Чебаб саяси партияларды тіркеу шегінің азайтылғаны қазақ елінің демократиялық жолды таңдағанын білдіреді, - деп отыр. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі ұйымдастырған жиында журналистер саяси-экономикалық бастамаларды талқылады. Әсіресе орталықтан басқару жүйесінен бас тарту, аймақтардың дамуына басымдық беру бойынша ұсыныстарға баса мән берілді. Сайлау процесіндегі тың өзгерістер өзге елдерге үлгі, - дейді журналистер.

Заки Чебаб, «Arabs Today» ақпарат сайтының бас редакторы:

Саяси партияларды тіркеуді жеңілдетіп, олардың белсенділігін арттыру туралы жаңалық қуантты. Президенттің жақын туыстарының басшылық қызмет атқаруына тыйым салынуы сияқты конституциялық реформаны да қолдаймын. Бұл бастамалар Қазақстанға үлкен әрі түбегейлі өзгерістер әкеледі деп сенемін.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу