Хайнань Қазақстанмен берік байланыс орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хайнань Қазақстанмен берік байланыс орнатпақ

14.08.2017

Қытайдың Хайнань провинциясы Қазақстанмен берік байланыс орнатуға мүдделі. Бұл жөнінде аталған провинцияның Халықаралық сауда ынтымақтастығы комитетінің төрағасы Ли Чжи-Цзие айтты. Хайнань - Қытайдағы жалғыз тропикалық қала. Бұл шаһардың туристік әлеуеті зор. Өткен жылы тек Хайнань арқылы ел экономикасына 2 млрд. доллар инвестиция құйылған. Қытайлықтар Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптес ретінде санайды.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу