Көкшетауда кәсіптік мамандықтарды насихаттайтын орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда кәсіптік мамандықтарды насихаттайтын орталық ашылды

17.05.2016
Көкшетауда кәсіптік мамандықтарды насихаттайтын орталық ашылды
Көкшетауда мектеп оқушыларына кәсіптік мамандықтар бойынша ақпарат беретін орталық ашылды.

Мекеме мектеп, колледждер мен жұмысшы мамандықтарды қажет ететін кәсіпорындар арасында байланыс орнатпақ.

Ақмола аймағында өткен жылы екі мыңға жуық жұмысшы маман қажет екендігі анықталған. Биыл да 311 кәсіпорын сұранысқа ие мамандарға өтініш білдірген.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу