Қазақстандық депутаттар Бельгияға сапарлады
Еліміздің Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары жұмыс бабымен Брюссельге сапарлады. Қазақстандық делегацияны Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Бүгін делегация өкілдері Бельгия парламентіндегі әріптестерімен кездесті. Басқосуда екіжақты сауда-экономикалық, білім беру, денсаулық сақтау, экология, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жайлы сөз болды. Шетелдік депутаттар Қазақстанның халықаралық проблемаларды бейбіт шешуге ат салысып жатқанын жоғары бағалап отыр. Әрі лаңкестікпен күресте біздің елмен күш біріктіруге ниетті.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13