Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

12.04.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді. Елбасы Қарулы Күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келе жатқанына тоқталып, бұл жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

Қазақстан Президенті әскерді қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен қайта жарақтандыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, еліміздің аумақтық қауіпсіздігі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Дулат НУРКИН

Хабарламаларға жазылу