Президент бұрынғы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты әскери саладан шеттетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бұрынғы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты әскери саладан шеттетті

07.08.2019

Арыстағы апатқа жол бергені үшін бірқатар лауазымды тұлғаға жаза берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бұрынғы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қарулы күштер жүйесінен шығарылды. Бұл лауазымда ол 2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың тамызына дейін болған еді. Міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны, атап айтқанда, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері үшін экс-министрмен қоса орынбасарларға да жаза тағайындалды. Қазіргі Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары және Қарулы Күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектановқа, бұрын бірінші вице-министр болған Мұрат Майкеев пен түрлі жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары болған Талғат Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу