Көктемгі егіске жанармай жеткілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі егіске жанармай жеткілікті

28.03.2017

Көктемгі егін егу науқанына шаруалар толық дайын. Бұл туралы, бүгін Үкімет жиынында айтылды. Биыл 22 млн. гектар жерге дән себіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 311 гектарға артық. Бірақ, бидай алқабының көлемі қысқарады.

Алдағы бес жылда оның көлемін 2,3 млн гектарға қысқарту жоспары бар. Оның орнына майлы дақылдар, арпа және мал азығы үшін, көп жылдық шөптер егіледі. Мемлекеттік субсидиялау бойынша, биыл біраз өзгерістер бар.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу