Оңтүстік көктемгі егіске дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік көктемгі егіске дайындалуда

14.03.2015
Оңтүстік көктемгі егіске дайындалуда

Көктем шыққалы табиғат түлеп, айналаны түрлендіріп жатыр. Күннің көзіне шыдас бермеген қалың қар сай саланы қуалап, тауға қарай жылыстап барады. Мұз құрсауынан азат болған өзен суы епкін ала жөңкіліп жатыр. Қылтиып шыққан көк жердің бетін тұмшалап, далаға көрік бере бастады. Өрік ағаштары да гүл ашып, төңірек тіптен ажарлана түсті.

Ұлан байтақ жері бар, ақ пейіл мен жомарттық дарыған Оңтүстіктегі ағайын жылға азық болар көктемнің әрбір күнін осылайша тынымсыз тірлікпен өткізіп жатыр. Жер бетіне жақсылық пен мейірім ұялаған науырыздың күнінен күтер үміті мол. Ортақ тілегі-елдің амандығы мен береке-бірілік.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу