Басты Жаңалықтар Сенат депутаттары «Жайылымдар туралы» заңды толықтыру үшін Мәжіліске кері қайтарды

Сенат депутаттары «Жайылымдар туралы» заңды толықтыру үшін Мәжіліске кері қайтарды

Жайылымдар туралы заңнама жерді пайдалану бойынша қордаланып қалған мәселелерді шешу керек еді. Бірақ, сенаторлар бүгін құжатты қабылдамай, Мәжіліске кері қайтарып тастады. Себебі, заң шикі, маңызды нормалар қалыс қалған. Жерді суландыру бойынша норма мүлдем көрсетілмеген. Құжат тиімді болуы үшін қосалқы шаруашылықтар туралы заң жобасы да әзірленуі тиіс.

Индира БЕГАЙДАР
Бөлісу