Астана процесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылуы мүмкін

24.01.2017
Айта кетейік, елордадағы алқалы жиынға 7 тараптың өкілі қатысуда. Сирияның үкіметтік делегациясын БҰҰ жанындағы осы елдің тұрақты өкілі Басар аль-Джафари басқарады. Сириялық оппозиция делегациясында шамамен 15 оппозициялық топтың өкілі бар. Ресей делегациясына РФ Президентінің сириялық реттеу мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев басшылық жасап келеді. Түркия және Иран делегацияларының басшылары аталған мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары - Седат Онал мен Садек Хусейн Джабери Ансари.

Сонымен қатар, сириялық дағдарысты реттеу процесіне БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ елшісі Джорд Крол де қатысып жатыр.

Хабарламаларға жазылу