Басты Жаңалықтар Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресейге сапармен барды

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресейге сапармен барды

Мәскеу қаласында ол өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесіп, екіжақты келіссөздер өткізді.

Тараптар басқосу кезінде қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың сан қырлы мәселелерін талқылап, аймақтық және ғаламдық күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесудің соңында министрлер Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрліктерінің 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Бөлісу