Астана ядролық қауіпсіздік проблемаларын талқылау алаңы бола алады - Н. Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана ядролық қауіпсіздік проблемаларын талқылау алаңы бола алады - Н. Назарбаев

23.06.2016
Астана ядролық қауіпсіздік проблемаларын талқылау алаңы бола алады - Н. Назарбаев

Астана ядролық қауіпсіздік проблемаларын талқылау алаңы бола алады. Бүгін «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Бүгінде Астана халықаралық мәселелерді көтеретін маңызды алаң ретінде мойындалғанына тоқталған Елбасы, осында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері, ЕҚЫҰ Саммиті өткенін еске салып өтті. Сонымен қатар әлемнің 160 елі Қазақстан елордасында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге таңдау жасағанын атап өтті.

«Биыл біз полигонның жабылуының 25 жылдығын атап өтпекпіз. Осы ретте барша адамзат үшін өте үлкен қатерге әлемдік қоғамдастықтың назарын тағы да аудару тұрғысында ғалымдарды, ядролық қару мамандарын, саясаткерлерді шақырамыз. Әлемдегі 15 мың ядролық оқтұмсықтар барша ғаламшарды бірнеше рет жоюға қауқарлы. Осы жайында ешкім ойланып отырған жоқ. Біз экологиялық апаттар, температураның жылынуы және басқа да мәселелерді көтеріп келеміз. Ядролық қатер тұрғанда, осының барлығы бір сәтте жойылып кетеді. Менің ойымша, бұл өте маңызды мәселе және осы бағытта баршамыз жұмыс істеуіміз керек», - деді Елбасы. 

Хабарламаларға жазылу