Астанада Түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының VI пленарлық отырысы басталды. Түгел түркінің бас қосуды, береке-бірлікті арттыруды көздейтін, түркі тілдес елдердің заң шығарушы органдарының арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мұрат тұтқан Парламенттік ассамблеяның отырысына 5 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр.
ТүркПА құрамына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан мен Қырығызстан елдері кіреді. Ал, Мажарстан парламентарилері бақылаушы ретінде қатысып жатыр. Ассамблеяның кезекті жиынына келген парламентарилер «Ұлы даладағы мемлекеттілік және парламентаризм» атты тақырыптағы конференцияға да қатысуда. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов, Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасының орынбасары Ахмет Айдын, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Марта Матраи, ТүркПА-ға мүше елдердің Парламент депутаттары, Халықаралық ұйымдардың басшылары, елшілер, дипломаттар, ректорлар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері келіпті. Сонымен қатар, пленарлық отырыста Түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясына төрағалық ету Әзербайжаннан Қазақстан тарапына табыс етіледі. Ал, пленарлық отырыс түсткен кейінгі уақытқа жоспарланған.
Естеріңізге салар болсақ, 2006 жылдың 17 қарашасында, Анталия қаласында, Түркітілдес мемлекеттер басшыларының VІІІ Саммитінде, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясын құру туралы бастама көтерген еді.
Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПа) 2008 жылғы 21 қарашада Əзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы жəне Түркия Республикасы парламенттерінің басшылары қол қойған Шартқа сəйкес Стамбул қаласындағы «Долмабахча Сарайында» Түркия Президенті Абдолла Гүлдің қатысуымен құрылды. 2009 жылғы 29 қыркүйекте Əзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) І пленарлық сессиясы өткізілді. Пленарлық сессияда ТүркПА регламенті, Хатшылық ережесі жəне Баку декларациясы, сонымен қатар Хатшылықты Баку қаласына тұрақты орналастыру туралы қаулы қабылданды. Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиевтің тапсырмасымен ТүркПА үшін барлық жағдайлар жасалды.ТүркПА -ға төрағалық ету жыл сайын бір елден екінші елге ағылшын тілі əліпбиінің ретімен ауысу арқылы аусып отырады.

Kaznews.kaztrk.kz