Қазақстандық делегация Парламентаралық одақтың 132-ші Ассамблеясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық делегация Парламентаралық одақтың 132-ші Ассамблеясына қатысты

30.03.2015
Қазақстандық делегация Парламентаралық одақтың 132-ші Ассамблеясына қатысты

Осыған орай, Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов парламенттік делегацияның алғашқы ресми сапары барысында аталған ел басшысына Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы хатын табыстады.

Вьетнам президенті Чыонг Тан Шангпен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болды.

Қазақстандық делегацияның Ханой қаласына сапары Парламентаралық одақтың 132-ші Ассамблеясымен тұспа-тұс келді.

Әлемнің 150 елінен келген 1500-ден астам делегат тұрақты дамудың ғаламдық мәселелерін талқылады.

 

Индира БЕГАЙДАР 

Хабарламаларға жазылу