Реадмиссия туралы келісім қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Реадмиссия туралы келісім қабылданды

05.02.2015
Реадмиссия туралы келісім қабылданды

Бұл - екі ел аумағында заңсыз жүрген азаматтарды еш кедергісіз бір-біріне өткізу туралы құжат.

Құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көздейді.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстан реадмиссияға қатысты 10 елмен келісімге қол жеткізген.

Қазір тағы 15 мемлекетпен келіссөздер жүргізілуде.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу