Қазақстан мен Қытай өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды қолға алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды қолға алмақ

29.01.2015
Қазақстан мен Қытай өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды қолға алмақ

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

Қытай елінің Даму және реформа комитеті басшысының орынбасарымен кездескен министр Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық жобаларды талқылады.

Кеңеске екі тараптан 300-ден астам мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компания өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиында белгілі болғандай, екі ел арасында бес сала бойынша тығыз байланыс орнаған.

Кездесу барысында 100-ге жуық бизнес-бастамалар бойынша талқылау өтпек.

Қазірдің өзінде Қазақстан мен Қытай арасында 20 жоба қаралған. Екіжақты кездесу екі күнге жалғасады.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Келісімге келген 20 жобадан бөлек, Қытай тарапымен жаңа жобаларды қолға алдық. Бүгін сол құжаттар бойынша талқылау өткіземіз. Наурыз айында осы жобалар бойынша келісімге келіп, меморандумға қол қоямыз деген үміттеміз. Бұл жобалардың барлығы индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Әлия ӘШІМ

 

 

Хабарламаларға жазылу