Мәжіліс ЕАЭО-ға Арменияның қосылуы туралы шартты мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс ЕАЭО-ға Арменияның қосылуы туралы шартты мақұлдады

18.12.2014
Мәжіліс ЕАЭО-ға Арменияның қосылуы туралы шартты мақұлдады

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

Депутаттар  «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады.

Шарт күшіне енген күннен бастап, Армения Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады.

«Қазақстан үшін экономиканың көптеген саласында Армения Республикасымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бар»,  дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу