Қазақстанның дамуы - өзгелерге үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның дамуы - өзгелерге үлгі

26.06.2014
Қазақстанның дамуы - өзгелерге үлгі
 
Қазақстан әлемдік аренада өзінің атақ-абыройымен  өзгелерге үлгі бола білді.
 
Бүгінде елімізде қай саланы алсаң да, ілгерілеушілік байқалады. Ең бастысы, халықтың тұрмысы жақсы, бірлігі бекем.
 
«Бұл ең алдымен стратег саясаткер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  арқасы», дейді әлемдік көшбасшылар.
 
Владимир Путин, РФ Президенті:
Қазақстанның гүлденуі Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты. Сіздің жетістіктеріңіз тек отандастарыңыздың ғана емес, миллиондаған ресейліктердің де шынайы ризашылығын тудырады. Сіз Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастыру жүйесінің сәулетшісі саналасыз.
 
Реджеп Тайып Ердоған, Түркия п ремьер-министрі:
Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - бүгінгі заманның аса көрнекті тұлғасы және барша түркі әлемінің ақсақалы.
 
Константинос Стефанопулос, Грекияның экс-президенті:
Қазақстан Республикасына келгенімде керемет әсер алдым. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі екендігі анық. Грекия тарапынан Қазақстанмен түрлі салада сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниет бар. Әсіресе, Еуропа мен Азия арасындағы энергетика, кеме құрылысы, коммуникация, туризм, көлік және транзиттік ынтымақтастықты арттыруға ниеттіміз.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу