Еуропалық одақ Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласына жоғары баға берді
Бұл туралы одақ өкілдері Брюссельде қазақстандық делегациямен кездесу барысында мәлімдеді.
Президент Әкімшілігі, еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен бұқаралық ақпарат құралдарынан құралған делегация Бельгия астанасына «кәрі құрлық» елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибесімен танысуға келген.
Сапар барысында делегация өкілдері «Europarl TV» телеарнасының жұмысымен танысты әрі мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы ықпалдастық, мемлекеттік органдардың ашықтығы мәселелерін талқылады.
Джордж Касиматис, «Europarl TV» телеарнасының басшысы:
Қазақстан - аймақтағы көшбасшы мемлекет. Президенттеріңіз елдің дамуы үшін қыруар еңбек атқарып жүр. Сондықтан, біз үшін қазақстандық делегациямен кездесудің маңызы зор. Еуропарламент алдағы 5 жылда экономикалық даму, жұмыссыздықпен күресті күшейтіп, энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне басымдық береді. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде біз Қазақстанның көмегіне жүгінеміз. Яғни, алда талай біріккен жобаны жүзеге асырамыз, деген сенімдемін.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04