Түркітілдес мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының отырысы өтті
Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының жұмысы жанданып келеді. Осы ұйымға мүше елдердің өкілдері бүгін Астанада бас қосты.
Төрт ел - Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз елінің заңдық-құқықтық базасын жетілдіру жайы басты назарда болды.
Құрылғанына 6 жылдай болған Парламенттік ассамблея бұған дейін мәдени және іскерлік байланыстар бойынша жұмыс істеп келді. Енді саяси және экономикалық бағытта да жұмыстар атқару жоспарланып отыр.
Болашақта ұйымның аясы кеңейіп, Өзбекстан мен Түркіменстанның мүшелікке өтуі мүмкін.
Жандос Асанов, Түрік ПА Хатшылығының хатшысы:
Алдағы 1-2 жылда Қазақстанда көптеген транспорттық жобалар аяқталады. Әзірбайжан мен Түркияда да дәл солай. Жақын арада осы жобалардың әлеуетін толық пайдалана аламыз. Мұның өзі елдер арасындағы байланыстың ұлғаюына септігін тигізеді деп сенемін.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05