Армения Кедендік одаққа кіруге 50 пайыз дайын
Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық кеңес пен Кедендік одаққа кіруге 50 пайыз дайын. Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында вице-премьер Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Оның айтуынша «Жол картасы» жобасы аясында армяндар тарапы бірқатар жұмыстар атқарған. Енді ағымдағы жылдың мамыр айында жобаны толықтай жүзеге асыруды көздеп отыр.
Сондай-ақ, жиын барысында мемлекеттер арасындағы өнеркәсіп пен агрокешенді өндірістегі қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығының даму бағыты безбенделіп, интеграциялық бірлестікті нығайту саясаты сараланды.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Негізі көп талқылауға түскені - функционалдық жағдай. Біз бәсекелестік саясаты, салық саясаты, өндіріс саясаты, агрокешен өндірісіндегі саясат сондай-ақ, басқа да саланың мәселелерін талқылаудан өткіздік.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18