Әділет министрлігі атқарған жұмыстарын баяндады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділет министрлігі атқарған жұмыстарын баяндады

08.02.2019

Мемлекеттік сатып алулар кезіндегі заңбұзушылықтар, байқауларды жасырын өткізіп, мүлікті өз құнынан арзанға сату. Бұл -  Әділет министрлігі былтыр әшкерелеген былықтардың бір парасы ғана. Өткен жылды қорытындылап, алқа отырысын өткізген ведомствоның өз кемшіліктері де жоқ емес екен. Мәселен, сот орындаушылары істерді рет-ретімен емес, «тіимді, тиімді емес» деп қарайды екен. Жіліктің майлы тұстарына таласатындар аз емес. Әділет органдарын қадағалау үшін ашылған қоғамдық кеңес мүшелері соны анықтапты. 

Мұрат Әбенов, Әділет органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі:

- Барлық істер автоматты түрде бөлінуі керек. Автоматты жүйе арқылы қай сот орындаушыға қандай іс түсетіні белгісіз болуы тиіс. Біздің байқағанымыз, сот орындаушылары өз жақындарына шынымен де өте тиімді, тез арада ақша табуға болатын істерді алады, ал, алимент секілді қоғамға керек, бірақ қиын мәселелер назардан тыс қалып тұрады. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу