«Отар» әскери оқу-жаттығу алаңында халықаралық Армиия ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отар» әскери оқу-жаттығу алаңында халықаралық Армиия ойындары аяқталды

15.08.2019

Жамбыл облысының «Отар» әскери оқу-жаттығу алаңындағы дәстүрлі V Халықаралық әскери ойындары аяқталды. Оған биыл Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения, Иран, Сирия, Венесуэла және Зимбабве мемлекеттерінің Қарулы күштері қатысты.

Осы жарыста біздің әскерилер үш алтын медаль жеңіп алды. Зеңбіректен ату, әскери байланысшылар және пилотсыз ұшу аппаратын басқару сайыстарында намысты қолдан бермеген сарбаздар мен сардарларымыз өзгелерден оқ бойы озық тұрды. Шараның салтанатты жабылу рәсімінде 347 әскердің арасынан айла-тәсілдерін асыра біліп, шапшаңдығымен көзге түскен  сарбаздар марапатталды. Оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айта кетейік, 3 тамызда басталған әскери ойындар Қазақстаннан басқа 9 елдің полигондарында әлі де өтіп жатыр. Сондықтан дүбірлі дода 17 тамызда толық аяқталады. 

Данияр Ділдәбаев, 03811 әскери бөлімінің қызметкері:

Жоғары деңгейде өтті. 1 орын алғанымызға өте қуаныштымыз. ҚР Қарулы күштерін шетел мемлекеттеріне жоғары көрсеткенімізге өте қуаныштымыз. Келесі жылы да, алда да болатын жарыстарда тек бірінші орын алуға тілектеспін.

Алмат ӘБДІРАМАН

 

Хабарламаларға жазылу