«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті

15.08.2019

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында экономиканы жаңғырту және цифрландыру мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті. Жиынға қатысушылардың айтуынша, жүзеге асырлып жатқан  трансформация мен цифрландыру бағдарламалары нақты нәтиже бере бастаған. Қор компанияларындағы өндірістік процестерге пәрмен беруге бағытталған жобаларды іріктеу мұқият пысықталған. Нәтижесінде, былтыр таза табыс 28 миллиард теңгені құраса, биыл жобаларды жаңғыртудан түсетін таза табыс 40,7 миллиард теңгеден асады деп жоспарланған.  Цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркісібі министрі  Асқар Жұмағалиевтің пікірінше, Самұрық-Қазына қоры экономиканы цифрландыру бойынша ауқымды істер атқаруда. 

Асқар Жұмағалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның цирфландыру бағдарламасындағы негізгі ойыншылардың бірі. Қордың цифрландыру жөніндегі жобалары өміршең және мен ол жобалардың ел экономикасын цифрландыруға қосатын үлесі зор екеніне сенімдімін.

Ербол МӘНДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу