Аудиторлар елордада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудиторлар елордада бас қосты

13.08.2019

300-ге жуық аудитор алғаш рет бас қосты. Елордада өткен ұлттық конференцияға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік мекемелердің өкілдері, шетелдік сарапшылар қатысты. Басты тақырып – ішкі аудит мәселелері.

Мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын қадағалап, заңбұзушылықтарды анықтау үшін тексерістер жүргізетін аудиторларға деген сұраныс жыл сайын артып барады. Мұнымен қоса оларға деген кәсіби талаптар да күшейіп жатыр. Ал аудит саласындағы жемқорлықты жою үшін олардың жалақысын өсіріп, арнайы курстарға қатыстырып, әдеп қағидаларын ұстануын қадағалау күшейтілмек. Аудит жүйесінің құрылғанына санаулы жыл ғана болса да, жетістіктер аз емес. Олардың арқасында мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтар азайған. Жалпы, аудиторлар бір жыл ішінде 300 млрд теңгеге заңбұзушылық анықтаған екен.

Арман Бектурова, мемлекеттік аудитор:

Бірақ біз үшін бұл үлкен мақтаныш емес. Себебі біздің басты мақсатымыз – осы бұзушылықтарды болдырмау. Арнайы адамдарды оқытып, тәуекелдерді дер кезінде анықтап, қаржылық құқықбұзушылықтарға жол бермеу.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу