Алматылық жастар Абай шыңын бағындырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық жастар Абай шыңын бағындырды

13.08.2019

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай алматылық белсенді жастар Абай асуын асып, шағын құрамдағы топ Абай шыңына шықты.

100-ден аса ерікті биік асуды бетке алып, күрделі жолдарды жүріп өтті. Абай асуының баурайында ақынның қара сөздерін жатқа оқып, ақынның әндерін айтып, өнегелі өлеңдерін жаңғыртты.

Ал шағын құрамдағы альпинистер тобы аса қауіпті соқпақты жолдар арқылы 4010 метр биіктіктегі Абай шыңына көтеріліп, Көк туымызды желбіретті. Осылайша Тәңіртаудың биік беткейлерін керлеп өткен көпшілік Абай мұрасының маңызын тағы бір айшықтады. Енді белсенді жастар осы бастаманы дәстүрге айналдырмақ.

Нұрсұлтан Байжанов, ерікті:

Жастар акцияға өз еріктерімен қатысып жатыр.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу