Павлодар облысында үш ай ішінде 9,5 мың адам жұмыстан шығып кеткен

09.08.2019

Павлодар облысында үш ай ішінде 9,5 мың адам жұмыстан шығып кеткен. Көбі өз еркімен және еңбек тәртібін бұзғандар. Еңбек тұрақсыздығы өндірістік және әлеуметтік салада ғана емес, мемлекеттік қызметтегі мамандардан бастап, лауазымды басшылар арасында да байқалады. Мәселен, өңірдегі облыс орталығына ең жақын орналасқан Успенка, Шарбақты аудандарының әкімшілігінде штаттық орындардың 23 пайызы бос тұр. Ал Павлодар қаласы әкімінің аппаратында 47 бос орын бар. Оның 12 басшылық лауазымдар.

Сәния Хасенова, Мемлекеттік қызмет істері агеттігінің Павлодар облысы бойынша депратаментінің басқарма Басшысы:

Мемлекеттік қызметте 550-ден астам бос орын бар. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдарында 320 бос лауазым және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінде 239 бос орын бар. <ос орындардың 16 пайызын басшылық қызметтер құрайды.

 

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу